Жаңалықтар тізбегі
0

Омбудсмен балалар мен әйелдерді қорғау туралы Заңға сәйкес мәлімдеме жасады

Омбудсмен балалар мен әйелдерді қорғау туралы Заңға сәйкес мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 14:02 Сурет: gov.kz
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев балалар мен әйелдерді қорғау туралы жаңа заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген Қазнетте таратылған пікірді таза жалған деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы отбасы институтын, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған заңға қол қойды.

"Түзетулер бүкіл азаматтық қоғамның белсене қатысып, түрлі алаңдарда алдын ала кеңінен талқылап жатқан мәселелердің нәтижесі бойынша әзірленді. Біріншіден, бұл жаңалық отбасын қорғауға бағытталған.",- деді Ластаев.

Оның сөзінше, "Неке және отбасы туралы" кодекстің 2-бабына дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету туралы толықтырулар енгізілді.

"Жаңа Заңда басқа да түзетулер бар, бірақ дәл осы ережелер стратегиялық мемлекеттік бағдар береді деп санаймын. Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген пікір - таза фейк болып табылады. Сондықтан аталған мәселе бойынша кез келген балама пайымдаулар негізсіз, ешқандай күмән жоқ: Қазақстан – тек дәстүрлі ұлттық отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын сақтауда қолдау көрсетеді!"Артур Ластаев

Екіншіден, жаңа заң балаларды педофилдерден қорғайтынын атап өтті.

"Бәлкім, бұл кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарламалар пайда болғаннан соң барша қауымды дүрліктірген, көптен күттірген шара шығар?! Десе де, енді олар өмір бойы түрмеге тоғытылады. Кішкентай балаларды өлтіргені үшін де дәл осылай. Мұндай жаңалықтарды адамдар өте жіті қабылдайтындықтан, барша Қазақстан халқы қылмыскерлердің осылай ауыр жазалануын құптайды деп сеніммен айтуға болады.",- деді адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Үшіншіден, 16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 40 күнге қамауға алынатын жаңа заң жобасына да тоқталды.

"Түзетулер күшіне енген сәттен бастап балаларға жөнсіз қол тигізу, ұятсыз ұсыныстар білдіру және т.б. жазасыз қалмайды. Балалар мен олардың ата-аналары өз елінде өздерін қауіпсіз сезінеді."

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп тану мемлекеттің азаматтық қоғаммен бірлескен жеңісі болды.

Енді тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу үшін 80 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулікке дейін қамау түрінде жаза енгізіледі.

Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады.

"Алайда, бұзақының жәбірленушімен бірге тұруына тыйым салу секілді ерекше талаптар қою мүмкіндігі, біздің ойымызша, ең маңызды жаңалық болып отыр. Аталған түзетулерді қабылдау іс жүзінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлігін, Әділ Қазақстан құру жолында Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының тиімді жұмысын көрсетеді.",- деп толықтырды уәкіл.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 15 сәуірде елімізде әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заң қабылдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: