Жаңалықтар тізбегі
0

Омбудсмен Артур Ластаев: Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек адам құқығын бұзу ғана емес...

Конференция, омбудсмен, Артур Ластаев, тұрмыстық зорлық-зомбылық , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 18:51 Сурет: ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Астанада өтіп жатқан "Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: проблемалары мен шешімдері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясының алдындағы шара екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конференцияға осы саладағы беделді сарапшылар – құқық қорғаушылар, әртүрлі елдердің омбудсмендері, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дағдарыс орталықтарының басшылары, зерттеушілер, ғалымдар, депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары жиналды.

"БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын 14 жасқа толмаған 2 миллионға жуық бала ата-анасының зорлық-зомбылығынан зардап шегеді. Еуропалық Одақта әрбір бесінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Қазақстан бүкіл прогрессивті халықаралық қоғамдастық сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек адам құқығын бұзу ғана емес, сонымен қатар отбасы институтының дамуына айтарлықтай кедергі келтіретін және әлеуметтік құндылықтарды бұзатын фактор ретінде белгіленген", - деп атап өтті Артур Ластаев.

Ластаев Ұлттық орталыққа ағымдағы жағдайды талдауды, қолда бар деректер мен азаматтық сектор және де мемлекеттік органдардың бастамаларын қорытындылауды тапсырғанын баса айтты.

"Біз отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептерін, оған ықпал ететін жағдайларды анықтауға және жағдайды жақсарту бойынша нақты шараларды әзірлеуді талқылауға тырыстық", - деп қосты ол.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова ел Президенті әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген фактілерінің жолын кесу қажеттігін бірнеше рет айтқанын атап өтті.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, біз үшін кез келген құқық бұзушылыққа, әсіресе зорлық-зомбылыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру маңызды. Бірлескен күш-жігер арқылы біз азаматтардың құқықтық мәдениетін және заңды құрметтеуді арттыруымыз керек. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне бейжай қарамайтын мамандар бас қосты. Бүгін сындарлы және мағыналы диалог болатынына сенімдімін. Бірлесіп әзірленген идеялар мен ұсыныстарды Мәжіліс депутаттарына зерделеуге жібереміз", - деді Тұрсынбекова.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко да статистиканы алға тартты.  

"Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық санаттарының ішінде ең үлкені ауыр қылмыстар, 8 жылдан астам уақыттың ішінде олардың саны 2583-ке жетті, жылына орта есеппен - 322. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы аса ауыр қылмыстардың саны осы мерзімде 1112-ні құрады. Барлық статистикалық көрсеткіштер отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетеді", - деді ол.

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева өз кезегінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерімен байланысты проблемаларды көтерді, және сол бойынша ұсыныстар айтты.

"Құжатта зорлық-зомбылық құрбандары болған балаларға көмек көрсетудің бірыңғай бағдарламасын іске асыру, балалар инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жазасын қатайту, агрессорларға психологиялық көмек көрсету курстарын енгізу стандарттары әзірленді. Бұл, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен байланысты қылмыстар бойынша тараптардың татуласу мүмкіндігін және тағы басқаларды жоққа шығарады", - деп атап өтті спикер.

Фокус-топтар аясында мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен дағдарыс орталықтарының өкілдері де сөз сөйледі. Дағдарыс орталықтарының, қызметтер мен отбасыларды қолдау мекемелерінің қызметін талдау негізінде олардың әлеуетін одан әрі нығайту бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

 Айтылған ұсыныстардың ішінде:

  • кемсітушіліктен қорғау істері бойынша мамандандырылған сотты енгізу (тек әйелдер ғана емес, ерлер де, мүгедек адамдар да, балалар да);
  • барлық қаралатын заң жобаларына гендерлік сараптаманы енгізу;
  • мектептер мен балабақшаларда адам құқықтары бойынша міндетті сабақ енгізу;
  • абьюзерлер үшін психокоррекциялық бағдарламаларды, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалтудың толыққанды бағдарламаларын енгізу;
  • уәкілетті органдар қол жеткізе алатын абьюзерлер, олардың психологиялық портреттері туралы бірыңғай деректер банкін құру;
  • позитивті ата-ана курстарын енгізу;
  • университет бағдарламалары арқылы мектеп психологтарын даярлау сапасын арттыру;
  • туғаннан 6 жасқа дейінгі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың (оның ішінде жыныстық қатынасқа түскендердің) алдын алу үшін патронаж қызметінің жұмысын күшейту;
  • кез келген адамға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық жағдайлары үшін (балалар, ересектер, қарттар, мүгедектігі бар адамдар бойынша ішкі мамандандырумен) бірыңғай интеграцияланған әлеуметтік қызметтер ("бір терезе" қағидаты бойынша) құру және тағы басқалар.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: