Астана, Алматы, Шымкент: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 21 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 11:25 Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК-ның 21 сәуірге арналған ауа райы болжамына сәйкес, ауқымды антициклон әсерінде болағандықтан республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек күндіз оңтүстік-батыс және қиыр солтүстік өңірлерде аздап жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады.

"Қазақстан бойынша жел күшейюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК

Астана 

  • көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +24...+26°C.

Алматы

  • көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +23...+25°C.

Шымкент

  • көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +14...+16°C, күндіз: +26...+28°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: