Астанада кейбір жолаушылар автобусының жүріс бағытына өзгерістер енгізілді

Автобус, жүріс бағыты, Астана, жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 13:26 Сурет: pixabay
Астанада төрт жолаушылар автобусы бағытының қозғалыс сызбасына уақытша өзгеріс енгізілді, осыған байланысты Сity Transportation Systems компаниясы қала тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CTS компаниясының мәліметінше, Астанадағы кейбір жолаушылар автобусы бағыттарының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілуі жол жөндеу жұмыстарымен байланысты. 

"Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 26, 27, 40, 42, 50, 51, 53, 61, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Сызба, Астана, автобус, №26, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 13:26

Сурет: City Transportation Systems

Сызба, Астана, автобус, №27, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 13:26

Сурет: City Transportation Systems

Сызба, Астана, автобус, №46, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 13:26

Сурет: City Transportation Systems

Қалған сызбалармен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: