Алматылықтар жолдағы шұңқырларды жою үшін суреттерді қайда жіберуі керек
Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2024 жылғы 23 сәуірде Алматы әкімдігі Оңтүстік елорда тұрғындарына қала жолдарындағы шұңқырларды жоюға өтінім бере алатындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол үшін @AlmatyJolybot жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram чат-ботына келесі ақпараттарды жіберуі қажет:
- өтініш мәтіні;
- ақау бейнеленген фото / бейне;
- мекен-жайы және нақты координаттары;
- өтініш берушінің байланыс деректері.
"Келіп түскен өтініштер өңделгеннен кейін әрбір жағдай бойынша жол төсеміндегі кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, 2024 жылдың 28 наурызында қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде жол жағдайының қашан жақсы жаққа өзгеретінін айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript