Көкшетауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 22:59 Сурет: Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті
23 сәуірде Көкшетауда жеке тұрғын үйде ірі өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 19:25-те Застанционный кентінде Көктерек көшесі бойында төрт пәтерлі жеке тұрғын үйдің шатыры 180 шаршы метр аумақта өртке оранды. 

"Ақмола облысы ТЖД-ның 23 құтқарушысы мен бес техникасы дереу шақырту орнына аттанды. Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол берілмеді, төрт газ баллонды шығарды", - делінген хабарламада.

Өрт 20:19-да ауыздықталып, 20:33-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: