Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында газ ұрлаған жылыжай иесі сотталды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2024 11:00 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында "ҚазТрансГаз" мекемесінің газ құбырынан аса ірі мөлшерде газ ұрлаған жылыжай иесі сотталды. Бұл тек Түркістан облысы емес, жалпы Қазақстан бойынша ірі мөлшерде газ ұрлау фактісі болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпкердің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 2,3 тармағы ("Аса ірі мөлшерде мұнай-газ құбырынан газ ұрлау") бойынша іс қозғалып, сот үкімімен кінәлі деп танылды. Оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 5 жылға шартты түрде соттау жазасы тағайындалды.

Сотталушы көгілдір отынды ұрлау фактісі бойынша "ҚазТрансГаз Аймақ" мекемесіне келтірілген материалдық шығынды толық төлеген.

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясының Түркістан өндірістік филиалының дерегінше, былтырғы қаңтар айында газ саласының мамандары Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге "Қызыл ту" шаруа қожалығын тексеру кезінде олардың тауарлық газды ұрлаған фактісін анықтаған болатын.

Газ мекемесінің келісімінсіз жоғары қысымды газ құбырына диаметрі кіші газ құбырын заңсыз жалғау арқылы кәсіпкер өзінің жылыжайларын газбен қамтамасыз еткен. Ал тұтынылған газ үшін ақы төлемеген. Алайда күдікті қашып үлгергендіктен оған халықаралық іздеуде жарияланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: