Ақмола облысында бұрынғы есепші аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталды

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 11:40 Фото: pexels
Жарқайын ауданы прокуратурасымен "Аудандық мәдениет үйі" МКҚК-ның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

2025 жылғы 13 маусымда Жарқайың аудандық сотының үкімімен кәсіпорнының бұрынғы есепшісі аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлағаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 6 жыл бас бостандығынан айрылып, 7 жыл мерзімге мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот тергеуі кезінде сотталушы өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ұзақ уақыт бойы мекеменің ақшалай қаражатын жүйелі түрде жымқырғаны белгілі болды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 30 млн теңгеден асты.

Сот мекеменің азаматтық талабын да қарап, келтірілген шығынды толық өтеу жөнінде шешім шығарды.

Жарқайың аудандық прокуратурасы мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып, жасалған қылмыстар үшін жаза сөзсіз болуын қамтамасыз етуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: