Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде

Ақша, Ақмола облысы, ұрлау, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 20:24 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысының полицейлері Қосшы қаласының кәсіпорындарының біріне тиесілі аса ірі мөлшердегі ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2023-2025 жылдар аралығында жергілікті ЖШС-ның бірінің ақшалай қаражаты жымқыру жолымен ұрланып, кейіннен үшінші тарап ұйымының шоттарына аударылуы мүмкін.

"Келтірілген залал сомасы шамамен 25 миллилон теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тергеушілер қажетті тергеу және іс жүргізу әрекеттерін жүргізуде, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалып, қаржылық құжаттама мен ақша қаражаттарының қозғалысы зерттелу үстінде. Іс бойынша жасалған қылмысқа қатысы бар адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексерілуде". Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Тергеу шаралары жалғасуда.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп 6 млн теңгесінен қағылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: