Жаңалықтар тізбегі
0

Қатты жауын-шашын болып, үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 28 сәуір, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2024 16:41 Сурет: unsplash
Көктемнің шуақты күндерінің орнын, керісінше ызғарлы күндер келіп басады. Алда қатты жауын-шашын болып, ауа температурасы күрт төмендейтіні, күннің суытатыны болжанады. Бұл туралы Zakon.kz-ға 28 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөліскен "Қазгидромет" РМК мамандары хабарлайды.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

"Еліміздің батысына, шығысында, орталығында антициклон  әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу сипаты басым, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанады. Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында -2°С суық болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, синоптиктер Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда қаласының орталығында және оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатынын ескертеді.

Айта кетсек, еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамымен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: