Қазгидромет 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың сөзінше, ҚР солтүстік және оңтүстік өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста кей уақыттарда нөсер жауын-шашын жауады.
"Еліміздің батысына, шығысына, орталығына антициклон әсер етеді, оның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман болады. Жамбыл облысының түнде шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік болады", - деді ол.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript