Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында "Таза Қазақстан" саябағы ашылды

Жамбыл облысында жаңа саябақ ашылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 16:01 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы белсенді жүргізіліп, ауқымын кеңейте түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шын мәнінде, тазалықты сақтау, туған жерді көгалдандыру, абаттандыру үлкен маңызы бар іс. Қоршаған ортаның таза әрі көрікті болғаны өзіміз үшін қажет.

Бүгін "Таза Қазақстан" акциясы аясында Жаңатас қаласына кіре берістен "Таза Қазақстан" саябағы ашылды.

Саябақтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан ардагерлері, зиялы қауым, қоғамдық ұйым өкілдері, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері мен жастар қатысты.

Жамбыл облысында жаңа саябақ ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 16:01

Сурет: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Игілікті шарада аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы "Өнегелі ұрпақ" апталығымен жалғасып, осы экологиялық науқанның аясында ауданда ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығына тоқталды.

"Туған жерді көркейту- көгалдандыру баршамызға ортақ іс, әрі келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған үлкен қадам екендігін айтып, болашақта жаңа саябақ тұрғындар саялайтын, жастар серуендейтін көрікті орынға айналсын", - деген тілегін аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы білдіріп, жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.
Жамбыл облысында жаңа саябақ ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 16:01

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұдан кейін Сарысу аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов сөз алып, елдің ауызбіршілігі, ықыласы осындай ынтымақты, жарасымды тірлікке бастайтындығын айтып, жылы лебізін білдірді.

Жаңа саябақтың лентасын аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Басие Абдрахманов және Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев салтанатты жағдайда кесті.

Жамбыл облысында жаңа саябақ ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 16:01

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Саябақтың ашылуына және қоршаған ортаның жақсаруына, шырайының әрленуіне, жасы желекке бөленуіне өз үлесін қосуға келген көпшілік жаңа саябаққа тал отырғызу шарасына құлшына кірісіп кетті.

Бүгін "Өнегелі ұрпақ" апталығының бірінші күнінде жаңа саябаққа Жамбыл облысының 85 жылдығына орай 85 шырша, Жаңатас қаласының 55 жылдығына орай, 55 тал көшеттері отырғызылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: