Жаңалықтар тізбегі
0

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы ауқымын кеңейте түсті

Жамбыл ауданында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:48 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл ауданында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті.

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауданның зиялы қауымымен және жастармен бірге аудан орталығы Аса ауылындағы орталық алаңда тазалық жұмыстарына ден қойып, Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде берген тапсырмасына орай өңір тұрғындарына Үндеуін жариялады.

Жамбыл ауданында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:48

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Экологиялық акция аясында ауданның орталық алаңындағы талдар әктеліп, демалыс орындары сырлануда және сәндік ағаштар отырғызылуда.

Жамбыл ауданы аумағында биыл 5 000 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланса, бүгінге дейін жалпы саны 3 257 түп ағаш егілді. Оның ішінде 350 түп арша, 350 түп туя, 1800 түп қарағаш, 227 түп қораз талдар бар.

Жамбыл ауданында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:48

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан орталығындағы мекемелердің ғимараттары айналасында да тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, аудан ардагерлері мен жастары орталық Абай көшесінің бойын ретке келтіріп, қапталындағы арықтарды тазалады.

Жалпыхалықтық экологиялық акция Жамбыл ауданындағы барлық 42 елді мекенде жалғасын тауып отыр.

Жамбыл ауданында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:48

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, акция аясында ұрпақтар сабақтастығын жалғауды мұрат тұтқан Жамбыл ауданының ардагерлері аудан жастарын тарта отырып, ұрпақтар сабақтастығы ретінде аудандағы 20 еңбек ардагерлерінің аулаларындағы көктемгі егін жұмыстарына қол ұшын берді.

Олар өздерімен бірге жұмыс құралдарын ала келіп, баспана аулаларын күл-қоқыстан тазартты, үй іргесіндегі тәлімі жерді көктемгі егіске дайындау мақсатында аударып, тырмалап, су жүретін арық-атыздарды тартып берді.

Жамбыл ауданында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:48

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген сипатты сөзді санаға түйген ақсақалдар мен жастар аула ішіне 50 түп жеміс және 50 сәндік ағаш көшеттерін отырғызды.

Аға буын мен кейінгі ұрпақ сонау ата-бабадан жеткен еңбек дәстүрін осылай дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті. Ізгілік жолы барлық елді мекендерде жалғасуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: