Қазақстаннан жыл сайын миллиардтаған доллар шығарылады – депутат
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан елден капиталды заңсыз шығару бойынша 148 елдің ішінде 11-ші орында тұр. Бұл туралы 2024 жылғы 30 сәуірде Сенатта өткен дөңгелек үстелде депутат Сұлтанбек Мәкежанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сұлтанбек Мәкежанов қазіргі уақытта елден заңсыз шығарылған қаржы көлемі орасан зор мөлшерге жеткенін атап өтті.
"Дүние жүзіндегі заңсыз қаражаттардың қозғалысын бақылайтын американдық Global Financial Integrity (GFI) халықаралық зерттеу ұйымы "Дамушы елдерден капиталдың заңсыз экспорты" атты жыл сайынғы зерттеуінде Қазақстаннан жыл сайын шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылатынын көрсетті ел 148 елдің ішінде 11-орында", - деді сенатор.
Оның айтуынша, елден тыс капиталды заңсыз шығару Қазақстан үшін бірқатар келеңсіз салдар туғызуда.
Біріншіден, капиталдың көлеңкелі айналымына салық салынбайды, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджет толық көлемде толтырылмайды.
Екіншіден, заңдастырылған капиталды жасырудың қажеті жоқ, ол отандық экономиканың өсуін ынталандыра отырып, ел ішінде инвестициялануы мүмкін.
2023 жылдың 10 қазанында Қазақстанның Ұлттық банкі шетелге ақшаны шығару белгілерін анықтады.
2024 жылдың 6 наурызында салық қызметкерлері қазақстандықтарға елден шетел валютасын әкету ережелерін еске салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript