Қызылорда облысында Қазақстан халқының бірлігі күні "Бірлік" аллеясында ағаш егілді
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен бірге Бірлік аллеясындағы тал егу шарасына қатысты.
Айта кетейік, бүгінде облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде "Қазақстан халқы ассамблеясы" орталығы жұмыс істейді.
Өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Еске салсақ, қазір республика бойынша "Таза Қазақстан" акциясы өтіп жатыр. Акция аясында әр аптаға "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ", "Мөлдір бұлақ" тақырыптық атаулары берілген.
Сыр өңірінде "Таза Қазақстан – таза аймақ" науқаны аясында 5 кезең бойынша көгалдандыру, тазалық шаралары ұйымдастырылып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



