Пойыздарда жануарларды тасымалдау кезінде қандай ережелерді ескеру қажет
2024 жылғы 2 мамырдағы хабарламада жолаушылар пойыздарында тек үй жануарларын тасымалдауға рұқсат етілген, олардың саны екіден аспауы керек (мысықтар, иттер, құстар).
Үй жануарлары мен құстарды тасымалдау тиісті ветеринариялық паспорттар немесе анықтамалар болған кезде ғана рұқсат етіледі. Анықтамаларды міндетті түрде пойызға отырғызу кезінде көрсету керек.
"Басқа жолаушыларға қолайлы болу үшін және аллергиялық реакцияларды болдырмауын қамтамасыз ету үшін, үй жануарының иесі толығымен купенін барлық орынын сатып алу қажет. Жануарларды иесінсіз пойызға кіргізу рұқсат етілмейді.""Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Ведомства үй жануарларын тасымалдау кезінде олар үшін тек иелері жауап беретінін ескертті.
"Жануарлардың иесі оларды (торда, жәшіктерде, себеттерде) станцияларда, пойызға отыру/шығу кезінде, сондай-ақ, пойыздың өзінде бақылауда ұстауы керек. Оларды тамақтандырып болғаннан кейін, тазалықты сақтап, артынан жинастыруды ұмытпаған жөн".
Үлкен иттерге тұмылдырық пен қарғыбау кигізу міндеттеледі.
Үлкен итпен саяхаттау кезінде оның салмағы бойынша есептелген багаж тарифі қолданылады. Ірі иттер тек бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурына орналастырылады. Үй жануарларының иесі оны алып жүруге және сапар кезінде қауіпсіздікке толық жауап береді.
"Зағип иесімен бірге жүретін бағыттаушы ит вагонның кез келген түрінде болуы мүмкін. Ол үшін қосымша ақы алынбайды",- деп нақтылады баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, вагон-мейрамханаларға жануарлармен кіруге рұқсат етілмейді. Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды тасымалдауға болмайды.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға үй жануарларымен сапарларын алдын ала жоспарлауды және жануарлардың жүру шарттары туралы ақпаратты 1433 тегін телефоны арқылы, сондай-ақ, вокзалдың билет кассаларында алуға болатынын ескертеді.