Жаңалықтар тізбегі
0

Топан сумен бірге топалаң келеді: Елімізде дер кезінде шара қолданбаса, арты не болмақ

"Таза Қазақстанмен" бірге Қазақстан тазара ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 11:55 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс депутаттары елдегі тазалықты қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру қажеттігі туралы мәселе көтеріп, тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыратын кешенді бағдарлама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Мақсат Толықбай 2 мамырдағы Мәжілістің жалпы отырысында Олжас Бектеновке жолдаған сауалында, топан судың әлегі енді келе жатқынын айтты.

Топан сумен бірге топалаң келеді: Елімізде дер кезінде шара қолданбаса, арты не болмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 11:55

Сурет: primeminister.kz

"Биылғы топан судың тосын сыйын білесіздер. Оны көз көрді. Қарғын судың беті қайтқанмен қауіп сейілген жоқ. Тіпті қауіптің көкесі әлі алда",- деді халық қалаулысы.

Депутат өз сөзінде дер кезінде тазалық шараларын қолданбаса елге тасқын сумен бірге топалаң келетінін жеткізді.

"Қарғын судан қорғау үшін мыңдаған қаптар мен пакеттерден бөгет тұрғыздық. Енді су кеткеннен кейін осы қаптарды түгін қалдырмай жинап алмасақ, ертең экологиялық апатқа тап боламыз. Оның үстіне сай саладан келген су қаншама күл-қоқыс, қалдық, аң-құс пен малдың өлекселерін ағызып әкетті. Осы жемтіктерді жедел залалсыздырмасақ, жаңағы мен айтып отырған топалаң түрлі дерт пен ауруды таратады".Мақсат Толықбай

Бұдан бөлек мәжілісмен елде өтіп жатқан "Таза Қазақстан" науқанын тілге тиек ете отырып, шара бойынша өз ұсынысын айтты.

"Елімізде бір реттік акциялар емес, ел үкіметі қоғамда тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға арналған кешенді бағдарлама әзірлеп, іске асыруы керек. Оқу ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында "экологиялық сана" атты сынып сағаттарын өткізуді жолға қойғаны жөн деп есептеймін",- деді Мақсат Толықбай.

Оның бұл ұсынысын тағы бір мәжілісмен Дәулет Мұқаев қос қолдап қолдады.

Топан сумен бірге топалаң келеді: Елімізде дер кезінде шара қолданбаса, арты не болмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 11:55

Сурет: primeminister.kz

Мұқаевтың пікірінше, қоғамда әлі күнге азаматтар арасында қалдықтарды арнайы қоқыс тастайтын орындарға салу мәдениеті қалыптаспай отыр.

"Жалпы жұртты қоршаған ортаны тазалауға жаппай жұмылдыру керек. Күнделікті тазалықты өмір салтымызға енгізуіміз қажет. Мысалы, аптаның бір күнін, нақтылап айтсақ, әр бейсенбіні "таза бейсенбі" атты шынайы халықтық шараға айналдырсақ",- деп өз ұсынысын білдірді Дәулет Мұқаев.

Сонымен қоса, ол тазалық шарасына әлеуметтік желіде миллиондаған оқырманы бар танымал тұлғаларды, қоғам белсенділерін, ел тұрғындарын осы ортақ іске белсене атсалысуға шақырды.

Айта кетейік, 8 сәуірде елімізде "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы басталды. Ол бес аптаға созылады және олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: