Жаңалықтар тізбегі
0

Құлсары қаласында 2723 тұрғын үй ауласы судан тазартылды

Құлсары қаласында 2723 тұрғын үй ауласы судан тазартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 09:20 Сурет: Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы
Құлсары қаласының су басқан аумақтарынан су тарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабының мәліметінше, бүгінде тартылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метрді құрайды. Төтенше жағдайларды жоюға Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және өндірістік мекемелердің күштері жұмылдырылған.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2723 тұрғын үй ауласы, 257 кәсіпкерлік және 29 әлеуметтік нысан судан тазартылды."Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан Құлсарыдағы жағдайды көрсеткен болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: