Жаңалықтар тізбегі
0

Құлсары тұрғындары су тасқынынан келген шығынның өтелу көлеміне көңілдері тола ма

Құлсары тұрғындары су тасқынынан келген шығынның өтелу көлеміне көңілдері толатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2024 09:22 Сурет: primeminister.kz
Құлсары қаласының 600-ден астам тұрғыны су басқан мүлікке келтірілген шығынды бағалау қорытындысын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес құлсарылықтардың бүлінген мүлкін бағалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жұмыс апта соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде.

"5 сәуірде ауламды су басып, кірпіштен салынған үйді арнайы комиссия қауіпті деп таныды.Бүгін мен мүлкімді бағалау нәтижесін алдым, сома маған өте қолайлы. Мемлекетке көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін, қиын сәтте бізді жалғыз қалдырмағаны үшін алғысымды білдіремін". Гүлфайруз Абирова

Құлсары қаласының тағы бір тұрғыны үйін жөндеуге кірісіп кетті.

"Біз дезинфекциядан өттік, бағалау комиссиясы келіп, 15 мамырда олар маған бағалау нәтижелерін әкелді, 17 мамыр күні кешке ақшалай өтемақы төлеуге келістім. Мен бұл сомаға толығымен қанағаттанамын ". Айгүл Ихсанова

Қазір Құлсары қаласындағы N20 мектепте баспаналары қауіпті деп танылған тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай өтемақы төлеу туралы ақпарат беріледі. Барлығы 800-ден астам адам алды. Құлсары қаласының 200 тұрғынына телефон арқылы түсініктеме берілді.

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов келтірілген шығынды тез арада есептеуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: