Сарыағаштық жастар 101 жасқа келген соғыс ардагерінің үй ауласын тазалады
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сарыағаштық жастар "Өнегелі ұрпақ" апталығында Ұлы Отан соғысының ардагері Ермахан Ишқоновтың үй ауласында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Олар тұрғын үй ауласын ретсіз өскен шөптерден тазартып, қоқыстарды шығарды. Шараға жастармен бірге аудандық "Amanat" партиясының төрағасы Қ.Қыстаубаев белсене атсалысты.
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Ұлы отан соғысының ардагері Ермахан Ишқонов 1923 жылы Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанған." Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, 1946 жылы Қырғызстандағы авиациялық бөлімге жіберіліп, 1948 жылы әскери қызметін аяқтаған.
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгінде Ермахан ақсақал I дәрежелі "Отан соғысы", "КСРО Гвардиясы", "Мінсіз қызметі үшін" және "Ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript