Жаңалықтар тізбегі
0

Отырарлықтар "ардагерлер" саябағында сенбілік ұйымдастырды

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық науқанының "Өнегелі ұрпақ" апталағында отырарлық спортшылар аудандағы "Ардагерлер" саябағына 400-ге жуық гүл көшеттерін отырғызды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 13:38 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық науқанының "Өнегелі ұрпақ" апталағында отырарлық спортшылар аудандағы "Ардагерлер" саябағына 400-ге жуық гүл көшеттерін отырғызды.

Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан орталығында орналасқан саялы баққа "Ардагерлер" атауы берілген. Бұған дейін саябаққа бірнеше көшет түрлері отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары тарапынан спорт мектептері мен мәдениет үйінің аумақтарына тазалық жұмыстары жүрді. Атқарылған жұмыстар барысында ғимараттар ауласындағы арық-атыздар тазаланып, ағаштар әктеліп ретке келтірілді.

Бүгінгі күнге дейін "Таза өлке", "Киелі Мекен", "Жасыл аймақ" экологиялық акциясына облыс бойынша жалпы 352 мыңға жуық адам атсалысқан. Қазіргі таңда "Өнегелі ұрпақ" апталығында белсенді жастар мен ерікті азаматтар – ардагерлер мен жалғызбасты қариялардың үй аулаларында көгалдандыру және тазалық жұмыстарын атқарып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: