Жаңалықтар тізбегі
0

Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін қашан айтады

Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін қашан айтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 15:19 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
2024 жылдың 4 мамырында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырыстарда айыпталушылардың сөз сөйлегенін, одан кейін тараптардың ескертулері тыңдалғанын ерекше атап өтті.

Келесі кезекте сот алқабилердің қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 651-бабына сәйкес, алқабилердің қатысуымен сотта тараптардың жарыссөзі екі бөліктен тұрады).

Жарыссөздің екінші бөлігінде тараптар сотталушылардың әрекеттерінің саралануы, жаза тағайындау және азаматтық талап қою бойынша өз ұстанымдарын ортаға салды.


"Айыпталушылардың соңғы сөзі 2024 жылдың 6 мамырында сағат 10:00-де болады". Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты алқабилердің қатысуымен экс-министр Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөзді аяқтады.

2 мамырда сот сот тергеуінің аяқталып, тараптар арасындағы пікірталасқа көшкенін хабарлады. Айыптаушы тараптың ұстанымын прокурор Айжан Аймағанова айтты. Артынша Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қазылар алқасына сөз сөйлеп, әділдік сұрады.

Сондай-ақ, сотта жәбірленушілердің адвокаты Жанна Уразбахова сөз сөйлеп, Бишімбаев пен Байжановтың қылмысқа кінәлі екендігі айыптау тарап ұсынған айғақтармен толық дәлелденгенін айтты. Заңгер Дамир Ишмаметов те осындай пікірде.

Қорғаушының ұстанымын Ләйлә Рамазанова айтты. Жарыссөзде заңгер Ерлан Ғазымжанов та сөз сөйледі. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіруде Қуандық Бишімбаевтың еш пайдасы жоқ деп есептейді. Сотта сөйлеген сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: