Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарін марапаттады
Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 6 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаның жерасты учаскесінің электрикін марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін "Qarmet" акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды.
2024 жылдың 2 мамырында Айбар Қосановтың шахтадағы өрттің алдын алғаны белгілі болды. Одан кейін 190-ға жуық кеншілерді эвакуациялауға тура келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript