Алматыда жолдарды орташа жөндеу 1 маусымда басталады
Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, жұмыстарды жазда бастау жоспарлануда, бұл ретте 20 магистральдық көшені жөндеу 25 тамызға дейін, ал аудандық көшелерді жөндеу биылғы қазан айының соңына дейін аяқталады.
Әр көше сегменттік қабаттағы учаскелерге бөлінеді. Учаскелерде мердігерлік ұйымдар басшыларының байланыс ақпараты бар арнайы стендтер орнатылады. Барлық смегменттік қабаттар туралы қала тұрғындарына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабарланатын болады, сондай-ақ жөнделетін учаскелер "2ГИС" және "Яндекс карталар" сервистерінде көрсетіледі.
Жолдардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында орташа жөндеу аясында қосымша қауіпсіз орындар мен жаяу жүргіншілер өткелдері құрылатын болады. Тротуарлар мен зақымдалған арық науаларды жөндеу жоспарланған. Фрезерленген материал қайта пайдалану үшін аудан әкімдіктеріне беріледі.
Айта кетерлігі, өткен жылы пилоттық режимде қаланың 15 магистральдық көшесінде жөндеу кезінде жолға және жарыққа төзімділікті арттыруға бағытталған полимерасфальтобетон пайдаланылды. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа көп әсер етпестен оңай төтеп бере алады, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді – Қазіргі 5 жыл жұмыс істеудің орнына 8-10 жыл. Ағымдағы жылы бұл тәжірибе жалғасатын болады. Мәселен, полимерасфальтбетонды ұзындығы 57 км болатын 20 магистральдық көшені және аудандық маңызы бар ұзындығы 19 км 12 көшені жөндеу кезінде қолдану жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, мегаполис тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram-арнаның @AlmatyJolybot чат-боты іске қосылды. Ол арқылы қала тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырларды жоюға өтініш бере алады.