Жаңалықтар тізбегі
0

ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы кейінгі мәліметте жариялады

су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2024 12:05 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 179 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, барлығы 277 мыңнан астам текше метр су сорылды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары ТЖ департаменттерінен келген күштер мен құралдар Петропавл қаласының Подгора және Кожевенный шағын аудандарында, Қызылжар ауданының Тепличное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.

Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан аумақтардан су сору және дезинфекциялық жұмыстар тәулік бойы жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде, су деңгейінің біртіндеп жоғарылағаны байқалады. Жағдай бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөген салу жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 3 500 қапшық пен 427 тонна инертті материал төселді. Торғай өзенінің су деңгейі тұрақталуда.

Республика бойынша 9 839 тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,5 млн еріген қар суы сорлды. 50 841 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 028  адам, 1 284 техника, 326 су сору құралы және 67 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: