Су келіп те, жіберіліп те жатыр: Солтүстіктегі су қоймаларының жағдайы қалай

Водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 13:35 Фото: unsplash
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл туралы 2 сәуірде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, әр төрт сағат сайын су қоймаларындағы су көлемі мен су жіберу көрсеткіштері туралы мәліметтер өңделіп, мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының Түмен облысы бойынша Төменгі Обь бассейндік су басқармасына жолданып отырады.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Сергеев су қоймасындағы су көлемі 706,1 млн текше метр.

"Қазіргі уақытта нысаннан секундына 32,8 текше метр көлемінде су жіберіліп жатыр. Бөгет жотасы арқылы судың асуы 8 сантиметрді құрап отыр. Су тасқыны басталғалы бері су қоймасына 51 млн текше метр су келіп түскен, оның 9 млн текше метрі жіберілген",- делінген ақпаратта.

Петропавл су қоймасында 2026 жылғы 29 наурыздан бастап су деңгейін реттеу жұмыстары қақпаларды басқару арқылы жүргізіліп, су жіберу көлемі кезең-кезеңімен ұлғайтылып жатыр.

Мамандар жалпы алғанда, өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты екенін, Сергеев және Петропавл су қоймалары қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

"Сергеев су қоймасының толуы – жыл сайын қайталанатын табиғи үдеріс. Нысан су көлемі артқан жағдайда артық судың бөгет жотасы арқылы автоматты түрде асуына мүмкіндік беретіндей етіп жобаланған. Бұл су қоймасының өзіне де, маңындағы елді мекендерге де қауіп төндірмейді. Сонымен қатар мұндай су асуы күздің соңына дейін жалғасуы мүмкін. Облыстағы су тасқыны жағдайы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен басқа да жауапты органдардың тұрақты бақылауында", – деді "Қазсушар" РМК Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Ержан Кусумбаев.

Бұған дейін Ақмола облысында өзен тасып, көпірді су басып қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: