Неліктен еліміздегі ең ірі су қоймаларының бірінен 6,3 млрд текше метр су жіберіледі
Фото: primeminister.kz
Бүгін, 2026 жылғы 15 сәуірде Су ресурстары және ирригация министрлігі Шүлбі су қоймасынан неліктен су жіберу жұмыстары басталғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, ол еліміздегі ең ірі 5 су қоймасының қатарына кіреді.
"Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысы аумағындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені бассейнінің экожүйесін қолдау және сақтау үшін қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын бастады. Жалпы алғанда су қоймасынан 6,3 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр",- делінген ақпаратта.
Ведомство су жіберу жұмыстары 4 мамырға дейін жалғасатындығын атап өтті.
"Негізгі кезеңі 30 сәуірге дейін өтеді. Осы уақыт аралығында су жіберу көлемі секундына 2000-3500 текше метрді құрайды. Ең жоғары көлем секундына 3500 текше метр болады. Бұл көлем 10 тәулік бойы жіберіледі". Су ресурстары және ирригация министрлігі
Белгілі болғандай, су жіберу басталғанға дейін Шүлбі су қоймасынан төмен орналасқан өзен арнасында дайындық жұмыстары жүргізілді.
"Табиғат қорғау мақсатындағы су жіберу жыл сайын жүргізіледі. Бұл шаралар балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау, жайылма жерлерді сумен қамтамасыз ету және Павлодар облысы ауыл шаруашылығы үшін мал азығын өндіруді қолдау мақсатында қажет", – деді Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.
Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігіне шамамен миллиард текше метр су жіберілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript