9 мамырда Алматыда қолайсыз метеожағдай болады
Алматыдағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Республиканың басқа қалаларында да қолайлы ауа райы сақталады.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа-райында ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластаушы көздердің жанында өткізу уақытын қысқарту;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;
- созылмалы өкпе, жүрек-қантамыр, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмек алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу. Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бұған дейін Қазақстанның 12 облысында 9 мамырда дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.