Жаңалықтар тізбегі
0

15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні: ұзақ та баянды махаббаттың құпиясы неде

15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні: ұзақ та баянды махаббаттың құпиясы , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 12:21 Сурет: Руслан Кадыров
Талдықорғандық Амангелді Арғынов пен Кербез Қуатова алпыс жылдан бері бір шаңырақтың астында баянды ғұмыр кешуде. Ерлі – зайыптылардың алдағы гауһар тойы- осы жылы әулеттегі басты оқиға болмақ.

Талдықорғандық жұптың махаббат хикаясы

Талдықорғанның Салтанат Сарайында наурыз күндері "Шаңырақ күні" мерекесі ұйымдастырылып, онда "гауһар", "алтын" және "күміс" ерлі-зайыптылар берік неке құпияларымен бөлісті. Дәл осы әдемі жұп аталмыш мерекені салтанатты түрде ашқан болатын.

Бүгінгі күнге дейін Амангелді Шаденұлы өзінің көркем Кербезімен қалай танысқанын мейірлене есіне алады. Ол облыстың гвардиялық ауданында бас сәулетші болып жұмыс істеді, ал болашақ әйелі сол жерлерге әпкесіне қонаққа келіп жүрген.

"Оны алғаш көргенде, ол менің тағдырым екенін бірден түсіндім", – деп мойындайды ақсақал. "Және әжеме шынымен үйленгім келетін қызды кездестіргенімді айттым".

Әже олардың махаббатын мойындап, екі жасқа ақ батасын берді. Себебі, ол берік отбасы тек шынайы махаббатан тұратынына кәміл сенді. Алғашқы кездесуден кейін Амангелді Шаденұлы өзінің ғашығын тағы бірнеше рет қана көрген. Осылай үйлену тойға дейінгі махаббат романтикасы төрт айға ғана созылды, Бірақ бұл уақыт жастарға олардың бір-бірі үшін жаралғанын түсінуге жеткілікті болды.

Содан бері алпыс жыл өтті. Ерлі-зайыптылар үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде Амангелді ата мен Кербез әженің бес немересі мен шөберелері бар.

"Иә, көп жыл бірге өмір сүру оңай емес", - деді ата. - Реніш пен қуаныш қатар жүреді. Бірақ әйелім екеуміз қиындықтарды қақ жардық. Жұмыс істеуді де тоқтатпадық: мен сәулетшімін, жұбайым мұғалім. Ең бастысы-бір-бірін сыйлау, және отбасын өз өмірінде бірінші орынға қою".

Кербез Қуатова-өте ақылды, нәзік, талантты жан. Ол бүкіл өмірін педагогикаға арнады, мектепте жұмыс істеді, зейнетке Макаренко атындағы Талдықорған орта мектебінің директоры қызметінен кетті. Бүгінде ол әлі педагогикамен де айналысады десек қателеспегеніміз. Алайда бұл жолы оқушыларды емес, немерелерін тәрбиелеуде.

Қызылордалық жұптың тарихы

Ал бұл оқиға Қызылорда облысы Қалжан ахун ауылынан шыққан жас отбасы туралы. Алты жыл ішінде Бақытбек Қиясов пен Эльвира Әбдіғаппарованың сегіз баласы дүниеге келді. Сүйіспеншілікке толы ерлі-зайыптылар өздерінің балаларын үлкен бақыт деп санайды.

15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні: ұзақ та баянды махаббаттың құпиясы , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 12:21

Сурет: отбаслық мұрағаттан

Жаңадан шаңырақ құрған жас ауылдастардың тұңғышы Батырхан 2014 жылы дүниеге есігін ашты. Оның ізін жалғап екі жылдан кейін қарындасы Альбина дүниеге келді. Артынша Темірханның келуімен, ағайындылар саны үшке жетті. 2021 жылы Эльвира Медина мен Мадияр атты сүйкімді егіздердің анасы атанды. Араға жыл салып, 2022 жылы – Нұрлыбек, Әділхан, Айсұлтан есімді үшемді босанды.

"Егіздер туылғаннан кейін мен көп ұзамай қайтадан жүкті екенімді сезгенде, күйеуім бала Құдайдың сыйы екенін айтты", – дейді Эльвира. - Бірақ ультрадыбыстық зерттеуден кейін мен оған тағы үш баламыз болады деп айтқанымда, ол бірден сенбеді. Артынша, балалардың бақыт екенін түсініп, дүниеге әкелуге шешім қабылдадық"

Екі жыл бұрын үшемдер дүниеге келгенде, Эльвира 34 жаста, Бақытбек 36 жаста еді. Оларға бірден бес балаға күтім жасау керек болды, өйткені егіздер енді ғана аяғынан тұрып, әлемді біле бастаса, жаңа туған үшем үнемі күтімді қажет етті.

"Әлеуметтік қызметкерлер көмектесті, - дейді Эльвира, - туыстарымыз көмектесті. Біздің балалар әрқашан бақылауда және жақсы күтімде өсуде".

Ауыл тұрғындары Бақытбек пен Эльвираға ерекше қызыға қарайды: мықты-төзімді жұп, екеуі де еңбекқор. Бастысы отбасында бақ пен береке бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: