Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жеті жылда алғаш рет медицина университеттерінің оқытушылары аттестациялаудан өтеді

Қазақстанда жеті жылда алғаш рет медицина университеттерінің оқытушылары аттестациялаудан өтеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 17:25 Сурет: gov.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 15 мамырда соңғы жеті жылда алғаш рет медицина университеттерінің оқытушылары аттестациялаудан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақсаты-кадрларды даярлау сапасын жақсарту және медициналық ЖОО оқытушыларының құзыреттілік деңгейін арттыру.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі студенттер мен резиденттер арасында аралық тәуелсіз емтихан, сондай-ақ барлық медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын аттестаттаудан өткізеді. Бүгін Астанада ведомство алқасының отырысы барысында кадрларды даярлау сапасын жақсарту және оқытушылардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін ағымдағы жағдайды талдау жүргізу қажет екендігі атап өтілді".ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Ведомство оқытушылардың соңғы тәуелсіз аттестациясы 2017 жылы өткізілгенін атап өтті.

"Тәуелсіз бағалау нәтижелері медициналық жоғары оқу орындарында білім беру процесін жақсартуға бағытталған одан арғы стратегиялар мен бағдарламалардың әзірлемесі үшін, сондай-ақ медициналық білім беру мен ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын айқындау үшін пайдаланылатын болады",- делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі медициналық оқу орындарында студенттерді даярлау сапасының төмен екендігін айтып, дабыл қағуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: