Жол көлік оқиғасының ең көп кездесетін себептері анықталды
Сурет: Zakon.kz
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 21 мамырда ОКҚ брифингінде Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) негізгі себебі жолдар мен инфрақұрылымның жай-күйі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикердің мәліметінше, 2024 жылы 6 мың ЖКО тіркеліп, 542 адам қаза тауып, 7 мыңнан астам адам жарақат алған.
"Негізгі себептердің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы. Статистика бойынша елді мекендерге жол-көлік оқиғасының 84% тиесілі. Бұл ретте адам шығынының төрттен бір бөлігі – жаяу жүргіншілерді қағып кету",- деді Қайсар Сұлтанбаев.
Ол қала маңындағы трассаларда күрделі жағдай қалыптасып жатқанын атап өтті.
"Қала маңындағы жолдардарғы апат өлім-жітімнің 50% құрайды. Соңғы жылдары заманауи магистральдар жабдықталуы оң әсерін тигізуде. Мәселен, 15 жыл бұрын жолдарда 4 мыңнан астам азаматты жоғалтқан болсақ, қазір 2 есе аз. Ал магистральдық жолдардың жекелеген учаскелерінде адам шығыны 6 есеге қысқарды",- деп толықтырды спикер.
Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, ЖКО – ның тағы бір себебі-еліміздің автопаркінің қарқынды өсуі.
"Бұл ретте автокөліктердің көпшілігінің пайдалану мерзімі 20 жылдан асады. Оларда заманауи қауіпсіздік жүйелері жоқ, және ақауларға бейім.Соңғы жылдары техникалық байқауды ресми түрде өткізу фактілері айтарлықтай өсті. Бұл қызметтің басталуы туралы хабарлама беру тәртібін енгізуге және кейінгі бақылаудың күшін жоюға байланысты болды. Сонымен қатар, техникалық байқауды формальды түрде жүргізу әсері еліміздің жолдарында көптеген автокөліктердің пайдаланылған газдар бойынша талаптарға, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтініне әкелді, бұл жол жүрісі қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдерді тудырады", - деп есептейді Қайсар Сұлтанбаев.
Ол барлық факторлардың көлік тәртібінің төмендігіне байланысты екенін атап өтті.
"Полецейлер арқылы 3,5 млн жолда жүру ережелерін бұзудың жолы кесілді. 8 мыңға жуық "мас" жүргізуші ұсталды. Олардың барлығы сотпен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. 7 мыңнан астам адам әкімшілік қамауға алынды. 145 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды"
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript