21 мамырдағы саудада доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,86 теңгеге төмендеп, 441,80 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 60,88 теңгені (-0,40) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 482,28 теңге, рубльді 4,9 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 441,9-443,5 теңгеге, еуро 479-483 теңгеге, ресей рублі 4,83-4,91 теңгеге сатылуда.
Ал 21 мамырдағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында шілдедегі Brent фьючерстерінің құны 0,96%-ға төмендеп, барреліне $82,91 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айындағы фьючерстері 0,91%-ға арзандап, барреліне 78,58 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript