Заңсыз криптовалютамен айналысқан Шымкент тұрғыны сотталды

Криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқан Шымкент тумасына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот талқылауы барысында оның Binance платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталған.
Қалалық прокуратура мәліметінше, 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript