Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО полицейлері жыл басынан бері көлікті заңсыз айдап кетудің 11 дерегін ашты

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 14:34 Сурет: ҚР ІІМ
Автокөлік құралдарын ұрлау және оларды құқыққа сыйымсыз иелену фактілерінің алдын алу мақсатында 20-23 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Автомобиль" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Гараж кооперативтерінде, көлік жөндейтін жеке шеберханаларда, көлік жөндеу станцияларында, көлік тұрақтарында, көлік базарларында және көлік дүкендерінде криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері ұрланған автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл жұмыстар ұрланған көліктер сатылуы және қосалқы бөлшектерге бөлінуі мүмкін орындарды, көлік құралдарының агрегаттық мәліметтерін өзгерту деректерін анықтауға бағытталған.

Сондай-ақ көлікті айдап кету туралы қоңырауларға ден қою бойынша оқу-жаттығу іс-шаралары ұйымдастырылды.

"Жыл басынан облыста бір автокөлік ұрлығы және көлікті құқыққа сыйымсыз иемденудің 11 фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта олардың барлығы ашылды. Көлікті айдап әкетуге түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Мәселен, жүргізушілердің бірі дүкеннің жанында автокөлігін оталып тұрған қалпында құлыптамай қалдырып кеткен. Бұдан бөлек, автодабылмен жабдықталмаған, жарық түспейтін учаскелерде, бейнебақылау жүйесі жоқ аумақтарда қаңтарылып тұрған тұрған көліктер де қылмыс объектісіне айналуы мүмкін. Автокөліктердің иелерінен өз мүліктеріне жауапкершілікпен қарауын сұраймыз", – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: