Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында "келінді" жүк көлігімен әкелген

Түркістан облысында жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 17:41 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік нөмірін тақпай, арнайы жарық шамдарын тағып, қатарласып жүрген автокөліктерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды.

"Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді. Оның ішінде Volvo FH жүк көлігінің жүргізушісіне бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткені, мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын айдағаны үшін 5 хаттама толтырылды", - деп хабарлады полиция.


Сонымен қатар Lada 21144 көлігінің жүргізушісіне үш, ал Lada Granta FL жүргізушісіне екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: