Түркістан облысында 10-сынып оқушысының мәйіті табылды

Түркістан облысында 10-сынып оқушысының мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 23:20 Сурет: Zakon.kz
Оқиға Сайрам ауданында болған. Алдын ала дерек бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оны іздеген туған-туыстары құзырлы органдарға хабар берген. Кейіннен кәмелетке толмаған баланың өлі денесі табылды.

Ал полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

"Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: