Алматыда бір тәулікке жолдардың екі учаскесінде қозғалыс жабылады

Алматыда бір тәулікке  жолдардың екі учаскесінде  қозғалыс жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 15:40 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 25 мамырда таңғы сағат 06:00-ден 26 мамырда таңғы сағат 06:00-ге дейін жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.

Бұл Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі Батыс Желтоқсан көшесі, онда жылу желілерін реконструкциялаудан кейін жол жабынын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Шевченко көшесінің Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде Ұлттық Ғылым академиясының ғимаратын реконструкциялау аясында жол төсеміне жөндеу жүргізілетін болады.

"Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және өз бағыттарыңызды алдын ала анықтап алуды сұраймыз." Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: