Атырау облысында ауыл тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялап жатыр

Атырау облысында ауыл тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 09:40 Сурет: видео скрині
Атырау облысы Махамбет ауданының эвакуациялық комиссиясының шешімімен Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының мәліметінше, су басу қаупінің күшеюіне байланысты толық эвакуациялау тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

Тұрғындар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақхана базасындағы эвакопунктіге орналасады. Сонымен бірге өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Талдыкөл ауылында Қорғаныс министрлігінің 59 сарбазы, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылып жатыр.


"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талдыкөлде 207 тұрғын Атырауға эвакуацияланып, 422 тұрғын өз қалауымен туыстарының үйіне орналасқан еді. Қазіргі уақытта Талдыкөл ауылында қалған 250 тұрғын толық эвакуацияланып жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: