Алматыдағы мешіттерде қауымның жеке мүлкін ұрлаған тұрғын сотталып кетті

Алматыдағы мешіттерде қауымның жеке мүлкін ұрлаған тұрғын сотталып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 19:51 Сурет: Zakon.kz
Өткен жылдың қысында жас жігіт келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, намаз кезінде қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жас жігіт оқиға кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Сот отырысы барысында азамат «Т» кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді.

Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды, өз мүліктерін қараусыз қалдырмай мұқият болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: