Тоқаев Ақордада Нидерланды Премьер-Министрін қабылдады

Президент кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 12:19 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы бүгін, 2024 жылғы 28 мамырда Ақордада мәртебелі мейманды қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Астанаға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-арнасы.

"Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды",-деп айтылған ресми хабарламада.

Бұған дейін мемлекет басшысы Әзірбайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және Әзірбайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: