Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда атом электр станцияларын салуды тағы қандай елдерге сеніп тапсыруға болады - министр жауабы

Қазақстанда атом электр станцияларын салуды тағы қандай елдерге сеніп тапсыруға болады?, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 13:45 Сурет: Zakon.kz/Тамила Языкова
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасының құрылысын тағы кімге сеніп тапсыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Энергетика министрлігі басшысы қазір ведомство өкілдерінің АЭС салу мәселесі бойынша тұрғындармен және мүдделі тараптармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша үкімет шешім қабылдайды.

"Біз бірнеше өңірде тыңдаулар өткіздік, тұрғындар тарапынан бұл жобаны жүзеге асыруға үлкен қызығушылық пен қолдау көрсетіліп жатқанын байқадық, кейбір белсенділер ықтимал тәуекелдерге қатысты өз уәждерін айтты, бірақ бұл сұрақтардың барлығына жан-жақты жауаптар берілді", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министр Қазақстанда атом электр станциясын кім сала алады деп жауап бермеді. Алайда ол Корея, Ресей, Қытай және Франция алдын ала іріктеуден өткенін мәлімдеді.

"Бірақ бұл тізім толық емес, сонымен қатар біз басқа мүмкіндіктерді, атап айтқанда шағын модульдік реакторларды салуды қарастырамыз.Онда бірнеше елдің – АҚШ қатысуы мүмкін, сонымен қатар жапондық өндірушілермен бірлескен жобалар бар", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Елбасы өз Жолдауында АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумда шешу керектігін айтқан болатын. Оның өтетін күні әлі белгісіз, бірақ кейін Орталық сайлау комиссиясы референдумға дайын екенін мәлімдеді.

Атом электр станциясын салуға әлеуетті орын ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: