СҚО полицейлері өзге облыс тұрғындарынан синтетикалық есірткі тәркіледі
Бірақ есірткі таратуды бастап, жеңіл ақша табуға кіріскендерді анықтау және ұстау полиция үшін үлкен қиындық тудырмайды. Әдетте, олардың оңай жолмен ақша табуы 3 айдан аспайды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, Ақмола облысының 20 және 17 жастағы екі тұрғыны синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде дәл осындай мерзімде ғана жұмыс істеп үлгерген.
Полицейлердің ақпараты бойынша, жігіттер Петропавл қаласына аса ірі көлемдегі есірткі партиясын буып-түю үшін келіп отырған.
Осылай кезекті рет келгенде жедел уәкілдер оларды Рижская көшесінде қолға түсірді. Жеке-жеке тексеру және жалға алған пәтерлерін тінту кезінде 664 грамнан астам мефедрон мен түйіншектерге, пакеттерге, тіпті ыдысқа салынған 358 грамнан астам α-PvP есірткісі тәркіленіп алынды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 10 келіден асты.
"Кәмелетке толмаған күдікті үйқамаққа алынды, ал үлкені күзетпен қамауға алынды. Екеуі де 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін", – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.