28 мамырдағы саудада доллардың құлдырауы жалғасты

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 15:41 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,96 теңгеге төмендеп, 441,59 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 60,86 теңгені (-0,21) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 480,97 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 441,7-443,3 теңгеге, еуро 479,5-483,5 теңгеге, ресей рублі 4,93-5,01 теңгеге сатылуда.

Ал, 28 мамырдағы аукционда әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.

Осылайша, тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,18%-ға өсіп, барреліне $83,03 құрады.

NYMEX биржасындағы электронды саудада WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілде айындағы бағасы 1,56%-ға қымбаттап, барреліне 78,93 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: