Алматыда аз қамтылған отбасылардан шыққан мыңға жуық бала "Шыңға өрлеу" клубында тегін білім алуда
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда әкімдіктің қолдауымен "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубының 15 бөлімшесі жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
Клубта аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-4 сыныптардың 981 баласы тегін оқытумен қамтылды, 169 адам педагогтармен жұмысқа орналастырылды, оның ішінде халықтың осал топтарынан 132 бала.
Балалар негізгі мектеп пәндері бойынша білім алады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері, сондай-ақ математика және IT-технологиялар; қосымша би, қолөнер, шахмат және домбыра ойнауды үйренеді.
Алматыда 40 230 көпбалалы отбасы бар, оның ішінде 5 827 көпбалалы ана "Алтын алқа", "Күміс алқа" төсбелгілерімен марапатталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript