Еңбек министрлігі қазақстандықтар лайықты өмір сүру үшін қанша ақша табуы керек екендігін айтты
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме аясында қазақстандықтар лайықты өмір сүру үшін қанша ақша табуы керек екендігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр жақсы өмір сүру үшін ең төменгі жалақы мөлшерінен көп ақша табу керек деп санайды.
Сондай-ақ оның айтуынша, қазақстандықтардың лайықты өмір сүруі үшін еңбек нарығының тұжырымдамасы бекітілді және Қазақстан жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға бет бұруда.
"Бүгінде сапалы жұмыс орындары бар болғаны 2 млн 100 мың, біз кем дегенде 3 млн 800 мыңға жеткізуіміз керек. Жалақы ең төменгі деңгейден кем болмауы керек. Қандай жұмыс орындары сапалы деп саналады? Бұл әлеуметтік кепілдіктер болған кезде,сіздің тұрақты жұмысыңыз болған кезде, жалақы медианадан төмен емес керісінше одан жоғары болған кезде және міндетті түрде қауіпсіз еңбек жағдайларында. Бұл барлық жұмыс берушілер ұсынуы керек төрт критерий. Ал мемлекеттік инспекторлар жұмысты тікелей осы критерийлер бойынша бағалауды қамтамасыз етуі тиіс", – деп жалғастырды Светлана Жақыпова.
Қазақстанда 2024 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі жалақының және басқа да есептік көрсеткіштердің мөлшері өсті.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript