Алматы зообағында Прагадан жеткізілген ақ аю мұрнындағы ісіктен өлген
Сурет: видео скрині
Ақ аюдың өліміне мұрын қуысындағы ісік себеп болған. Алматы зообағы екі ай бұрын Прагадан жеткізілген Том атты ақ аюдың өліміне қатысты осындай түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алдыңғы аптада Прага зообағының директоры жануардың 4 мамырда өлгенін алматылық зообақ мамандары тек жарты айдан кейін хабарлағанына шағымданды. Дәлірек айтқанда, мегаполистегі хайуанаттар бағы чехиялықтарға соңына дейін аюдың жағдайы жақсы екенін айтып отырған. Кейін хабар-ошарсыз кеткен соң прагалық мамандар Қазақстанға арнайы жануардың жағдайын білуге келмекші болған. Сонда ғана Алматы зообағы Томның әлдеқашан өлгенін хабарлапты.
Бұған ашуланған прагалықтар жыртқыштың қонжығы елімізге сау жөнелтілгенін айтып, тергеу жүргізуді талап етті. Енді Алматының хайуанаттар бағы жануардың "әу баста дерті болуы мүмкін" деп, өздеріне шаң жуытпай отыр.
"Прагалықтар аюды бізге жіберер алдында оның тек салмақ жоғалтқанын, күнделікті рационын көбейткенін хабарлады. Сөйтіп оны Қазақстанға Стамбул арқылы ұшақпен алдырттық. Келген кезінде денесінде түрлі жарақат болды. Көп стресс алғаны байқалып тұрды. Тәбеті мүлде болмады. Аузымен ғана тыныс алып, 4 мамыр күні құлады. Тексеріп, мұрын және маңдай қабынуынан ірің ағзаға тарап, мидың ісінуіне алып келгенін білдік". Алматы зообағының бас ветеринары Азамат Дүйсенов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript