Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында вокзалдағы вагон цистернасынан күкірт қышқылы ақты

вагон, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2024 10:44 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы аққан. Оқиға кеше, 1 маусымда кешке қарай болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар сол маңдағы 10 үйден 46 ауыл тұрғынды эвакуациялады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Төтенше жағдайлар министрлігі кейінірек 46 адам, оның ішінде 18 бала бар 10 жеке тұрғын үйдің тұрғындары үйіне оралғанын хабарлады.

Вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге – 1 шақырым қашықтыққа сүйретілді.

СЭБД (санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті) қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеулер жүргізіп, сынамалардың қалыпты шекте екенін анықтады.

Кербұлақ ауданының РХЗ қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: