Шығыс Қазақстан облысында 23 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды
Шығыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, апат салдарынан шамамен 20-21 тонна күкірт қышқылы төгілген. Оқиға орнына аудан әкімі мен уәкілетті органдардан құрылған комиссия аттанды.
Шығыс Қазақстан облысы ДСЭК Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бүгін, 10 шілдеде 23 тонна күкірт қышқылы тиелген автоцистерна аударылып кеткен жерде қазу жұмыстарын мердігер «Хим Транссервис» ЖШС жүргізетінін хабарлады.
Топырақ үйінді шаймалау үшін жойылады. Қазіргі уақытта қосымша токсикологиялық зерттеулер жүргізу үшін бұлақтан екі су сынамасы алынды.
Күршім ауданы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнынан 30 метр жерде құрғақ бұлақ, 5 шақырым жерде бұлақ бар. Ол елді мекендерден шалғай орналасқандықтан, тұрғындар бұл көзден суды тұтынбайды.
"Топыраққа күкірт қышқылының төгілу аумағы 20-40 м шамасындай. Қалғұтын ауылдық округінің (Қаратоғай Егіндібұлақ, Ақбұлақ ауылдары) жергілікті халқына хабарландыру (Whatsapp мессенджері) арқылы хабарланды", - деп мәлімдеді ШҚО РМК.
Сондай-ақ, ШҚО ӘКК департаменті аудан әкіміне залалсыздандыру, жер жамылғысын алып тастау және қалдық қоймасына шығару жұмыстарын бақылауға алу ұсынылды.