Әкімдік есепшісі жалақысына бірнеше миллион теңге қосып алған

Әкімдік есепшісі жалақысына бірнеше миллион теңге қосты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 11:17 Сурет: freepik
Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады.

"Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді." Қарағанды облысының прокуратурасы

Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: