Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда утиль алым бойынша петицияны кім қарайды

ҚР ӨҚМ утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 13:12 Сурет: pexels
ҚР ӨҚМ утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті.

"Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар, топ құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды." ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Министрліктің баспасөз қызметі жұмыс тобының қызметі туралы ресми сайты мен t.me/minpromstroykz телеграм-каналында хабарлайды.

Еске салайық, Қазақстанда утиль алым төлемін алып тастау туралы петиция құрылып, оны қарау үшін қажетті қолдар жинаған болатын. 2024 жылғы 24 мамырда Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алым төлемін алып тастау туралы айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: